09120100– «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасының меңгеру түрі: Күндізгі;
Біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер»
Оқудың күндізгі түріндегі кәсіби білім бағдарламасын меңгерудің білім базасының біліктілікке сәйкес нормативтік мерзімі.
Қабылдаудың жалпы білім беру базасы:
- Жалпы орта білім негізінде;
- Негізгі орта білім негізінде
| Қабылдаудың білім базасы | Мамандық атауы | Оқыту мерзімі |
| Негізгі орта білім беру базасында | 09120100– «Емдеу ісі» | 3 жыл 10 ай |
| Жалпы орта білім беру базасында | 09120100– «Емдеу ісі» | 2 жыл 10 ай |
09120100 – «Емдеу ісі» мамандығы, 4S09120101 – «Фельдшер» біліктілігі бойынша кәсіби қызметтің түрлері
«Фельдшер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:
- Ауруханада, емханада, дәрігерлік амбулаторияда (ДА), фельдшерлікөакушериялық пункттерде (ФАП), медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әр түрлі жас аралықтардағы науқастарға алғашқы медициналық және санитарлық көмек көрсетуге қатысу;
- Жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
- Медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;
- Эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрету;
- Жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді, тәсілдерді, ақпараттарды беру және сақтауды қолдану;
- Науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы ауруы бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;
- Науқастармен және олардың жанұяларымен бірігіп жұмыс жасау, гауқастың құқығын сақтау және әр түрлі жас топтарындағы тұрғындардың денсаулығын демеу және нығайту жөніндегі шараларды жүргізу;
- Науқастардың денсаулығы үшін қатерлі ықпалдар (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) жөніндегі және осы ықпалдардың денсаулыққа әсері жөніндегі сұрақиар бойынша тұрғындарға кеңес беру;
- Әр жас кезеңдегі науқасты және оның жанұясын денсаулық сақтау мәселелері бойынша оқыту, күтім көрсету;
- Ерте жастағы балаларды тамақтандыру (емшек сүтімен, қосымша), психоәлеуметтік дамуы, шынықтыру, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке, кәсіптік бейімдеу мәселелері бойынша кеңестер жүргізу;
- Әр жас кезеңдегі балалардың нервтік-психикалық дамуы, иммунопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беру;
- Қазіргі тәсілдерді өолдана отырып диагностикалау және салыстырмалы диагностика жүргізу, сондай-ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын алуды жүзеге асыру;
- Алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу;
- Қызметтестермен бірігу және бірлесе жұмыс істеу;
- Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.