• Ср. Ноя 5th, 2025

Мейіргер ісі

09130100 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасының меңгеру түрі: Күндізгі;

Біліктілігі: 4S09130103 – «Жалпы практикадағы мейіргер»

Оқудың күндізгі түріндегі кәсіби білім бағдарламасын меңгерудің білім базасының біліктілікке сәйкес нормативтік мерзімі.

Қабылдаудың жалпы білім беру базасы:

  • Жалпы орта білім негізінде;
  • Негізгі орта білім негізінде
Қабылдаудың білім базасыМамандығыОқыту мерзімі
Негізгі орта білім беру базасында09130100 – «Мейіргер ісі»3 жыл 10 ай
Жалпы орта білім беру базасында09130100 – «Мейіргер ісі»2 жыл 10 ай

09130100 – «Мейіргер ісі» мамандығының кәсіби қызметінің объектілері.

Маманның кәсіби қызметінің объектісі ересек және балалар қауымы болып келеді, ал олардың кәсіби қызметінің жүзеге асыру мекемелеріне:

  • Түрлі ведомстволар мен мекемелердің денсаулық қызметін басқару органдары;
  • Әр түрлі меншіктік формадағы балалар мен ересек медициналық ұйымдар;
  • Ауруханалар, емханалар, амбулаториялар, ауылдық аймақтық ауруханалар, ауылыдық дәрігерлік амбулаториялар, прафилакторийлар мен санаторийлер;
  • Медицина саласындағы ғылыми зерттеу ұйымдары;
  • Балалар мектеп алдындағы мекемелер (балабақша, бөбекжай);
  • Білім беру ұйымдары (мектеп, колледж, жоғарғы білім беру мекемелері);
  • Әлеуметтік қорғау ұйымдары жатады.

09130100 – «Мейіргер ісі» мамандығының кәсіби қызметінің түрлері.

«Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:

  • Пациентті күтуде мейірбикелік процесстің негізгі кезеңдерін құжаттайды және іске асырады;
  • Медициналық мекемелерінің құрылымдық бөлімдеріндегі пациент пен медициналық қызметкерлердің жұқпалы аурудың жұғу қауіпсіздігін, жұқпалы ауруды бақылау талаптарын орындайды;
  • Мейірбикелік процесс кезеңдері негізінде пациентке мейірбикелік күтімді ұйымдастырады;
  • Ауруханалық мекемелерде дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық, емдік, диагностикалық шараларды орындайды;
  • Құралдарды дайындайды және қиын манипуляцияларлды жүргізуде дәрігерге көмектеседі;
  • Егде және қартайған адамдарға бақылау мен күтімді іске асырады;
  • Ересектерге және балаларға біліккті медиәиналық көмек көрсетеді;
  • Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ісөәрекеттерді ұйымдастырады және жүргізеді;
  • Пациентпен, пациенттің туыстарымен, әріптестерімен, әлеуметтік қызметтің уәкілімен тиімді қарым-қатынасты қалыптастырады және дамытады;
  • Салауатты өмір салтын насихаттайды;
  • Кәсіптік қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолданады және өмір бойы білім алады;
  • Пациенттің жеке қажеттілігіне бағытталған мейірбикелік процессті іске асырады;
  • Аурухананың құрылымдық бөлімдерінің және амбулаториялық-емханалық мекемелерінің есепке алу-есеп беру құжаттарын рәсімдейді;
  • Коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын игереді;
  • Медициналық мекемелерде емдік және диеталық тамақтануды ұйымдастырады;
  • Дәрігердің амбулаториялық қабылдау жұмысын жүргізуді ұйымдастырады (жұмыс оын, аспаптарды, құралдарды, науқастың амбулаториялық жеке картасын, рецепттерді, бланкілерді жинайды, алдын ала анамнез жинауды және қарауды жүргізеді);
  • Санитарлық-эпидемиялық қызметпен бірге, эпидемиологиялық жағдай туралы тез арада мәлімет жинайды, жұқпалы ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізеді;
  • Зерханалық, функционалдық, аспаптық әдістермен зерттеуге пациентті дайындайды;
  • Жанұяны жоспарлау және контрацептік әдістер бойынша кеңес жүргізеді.