• Ср. Ноя 5th, 2025

Фармация

09160100 – «Фармация» мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасының меңгеру түрі: Күндізгі;

Біліктілігі: 4S09160101 – «Фармацевт»

Оқудың күндізгі түріндегі кәсіби білім бағдарламасын меңгерудің білім базасының біліктілікке сәйкес нормативтік мерзімі.

Қабылдаудың жалпы білім беру базасы: Жалпы орта білім негізінде.

09160100 – «Фармация» мамандығы бойынша кәсіби білім берудің оқыту бағдарламасы төмендегі біліктілік деңгейінде жүзеге асырылады:

Орта буын маманы;

Күндізгі оқыту түріндегі мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

Қабылдаудың білім базасыМамандығыОқыту мерзімі
Жалпы орта білім беру базасында09160100 – «Фармация»2 жыл 10 ай

09160100 – «Фармация» мамандығының кәсіби қызметінің объектілері. Фармацевттің кәсіби қызметінің объектісіне жатады:

  • ҚР Мемлекеттік реестрінде тіркелген және медициналық қабылдауға рұқсаты бар, аурудың алдын алуға қолданылатын диагностикалық және емдеуге арналған дәрі-дәрмектер;
  • Парафармацевтикалық өнімдер, диагностика үшін және аурудың алдын алуға қолданылатын мендициналық бұйымдар мен жасандылар.

09160100 – «Фармация» мамандығының кәсіби қызметінің түрлері. Фармацевттің кәсіби қызметінің түрлері:

  • Жалпы фармацевтикалық: фармацевтикалық өнімді көтерме-бөлшек сауда арқылы босату;
  • Өндірістік дәрілік нысандарды дәріханалық жағдайында дайындау;
  • Ақпараттық сараптамалық;
  • Ақпараттық кеңестік;
  • Маркетингтік;
  • Инновациялық;

Фармацевттер жұмыстары жоғары білімді фармацевт мамандарының бақылауымен жүргізіледі.