Перейти к содержимому
Месяц: Октябрь 2024
- Главная
- ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінде «Қызым үйде – қылығы түзде» атты өткізілген жиында қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі, тәрбиесі туралы айтылды. Қазақ халқында қыз баланың орны ерекше. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Қыз баланың жүріс-тұрысынан бастап дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесінің маңыздылығы. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.