Колледжде 16.02.2026жылы «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты білім алушыларға заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдағы орны мен заң алдындағы міндеттерін айқындау. Білім алушыларға заңның маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру. Қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің мәнін ұғындыру. Сонымен қатар, жас ұрпаққа құқық бұзушылықтың алдын алу мен заңды құрметтеудің мәнін ұғындыру арқылы олардың қоғамда жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ету.


