• Пт. Дек 26th, 2025

Жами Жами

№2 ӘПБ апталығында «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінен сайыс сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Студенттердің білімі мен білітілігі, ақыл-ой өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

№ 1 Әдістемелік пәндер бірлестігінің ашық сабақтар апталығындағы «Фарсациядағы қауіпсіздік және сапа» пәнінен қорытынды сабақ өтті.

ЖШС «Жанықұл» медициналық колледж студенттері Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай «ОЙ ДОДА» атты тақырыпта студенттер арасында ұйымдастырылған интеллектуалды сайысқа қатысып, І және ІІ орынды иеленді.

«17 қараша — Студенттер күніне» орай орта арнаулы оқу орындары студент жастары арасында «Спорт — біздің серігіміз!» ұранымен спорттың волейбол түрінен өткен турнирге ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжі қатысып, ІІ орын иеленді. «Үздік шабуылшы» номинациясымен Касымов Майр марапатталды.

ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінде «Қызым үйде – қылығы түзде» атты өткізілген жиында қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі, тәрбиесі туралы айтылды. Қазақ халқында қыз баланың орны ерекше. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Қыз баланың жүріс-тұрысынан бастап дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесінің маңыздылығы. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3Dpfbid0VYY8PhKS52a8RTVt65BbnZ33vCTWPrn7HtD8WcoynhACo4t41yHoqF6BJyUypC4hl%26id%3D61555025571630&show_text=true&width=500&is_preview=true