• Ср. Фев 11th, 2026

Без рубрики

  • Главная
  • Колледжде «Мамандығым — мақтанышым» семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың болашақта медициналық мамандықтарды таңдайдағы артықшылықтары мен қиындықтарды талқылау, жеке басының сапалық қаиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту, білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Колледжде «Мамандығым — мақтанышым» семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың болашақта медициналық мамандықтарды таңдайдағы артықшылықтары мен қиындықтарды талқылау, жеке басының сапалық қаиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту, білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жастарды жұмысшы мамандықтарға бағыттау мақсатында медицина-қоғамның негізгі тақырыбында білім алушылар арасында «Жасанды интеллект дәрігерлерді толықтай алмастыра алады» атты пікірталас өткізілді. Ұйымдастырушы К.Байболатова және У.Аркинова.

ЖШС Жанықұл медициналық колледжінің студенттері арасында ұйымдастырылған «Жасанды интеллект» атты конференция өтті. Конференция ережесіне сай ғылыми жұмысын көпшілік алдына қорғап шықты.Олардың еңбектеріне оқытушылардан құралған әділ-қазы алқалары сараптап тиісінше төмендегідей орындарды белгіледі.

1орын- Бисенбай Асел жетекшісі: Құлманова Гүлімхан 2орын- Мирзоева Зухра жетекшісі: Аркинова Ұлдана 3орын-Бахтияр Жулдыз Жетекшісі:Аязханова Шара 4 орын- Кубес Назым…

№2 ӘПБ апталығында «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» пәнінен сайыс сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Студенттердің білімі мен білітілігі, ақыл-ой өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

№ 1 Әдістемелік пәндер бірлестігінің ашық сабақтар апталығындағы «Фарсациядағы қауіпсіздік және сапа» пәнінен қорытынды сабақ өтті.

ЖШС «Жанықұл» медициналық колледж студенттері Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай «ОЙ ДОДА» атты тақырыпта студенттер арасында ұйымдастырылған интеллектуалды сайысқа қатысып, І және ІІ орынды иеленді.

«17 қараша — Студенттер күніне» орай орта арнаулы оқу орындары студент жастары арасында «Спорт — біздің серігіміз!» ұранымен спорттың волейбол түрінен өткен турнирге ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжі қатысып, ІІ орын иеленді. «Үздік шабуылшы» номинациясымен Касымов Майр марапатталды.