Кездесулер барысында білім алушыларға:
-отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері және оның құқықтық салдары;
-кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері;
-жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардан сақтану және қауіпсіздік шаралары;
-ерте жүктіліктің алдын алу және оның әлеуметтік-құқықтық салдары;
-бейтаныс және таныс адамдар тарапынан жасалуы мүмкін қауіпті әрекеттерден сақтану;
-интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақтық таныту;
-қысым көрсету, қорқыту, бопсалау және мәжбүрлеу жағдайларында көмекке жүгіну жолдары;
-құқық бұзушылыққа немесе зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда ата-анасына, педагогке, психологқа немесе полиция қызметкерлеріне хабарлау қажеттілігі туралы түсіндірме берілсін.




