Навигация по записям Колледжде «Мамандығым — мақтанышым» семинар-тренинг өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың болашақта медициналық мамандықтарды таңдайдағы артықшылықтары мен қиындықтарды талқылау, жеке басының сапалық қаиеттерін арттыру, жеке тұлға қалыптастыру бағытында дүниетанымын кеңейту, білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, отансүйгіштікке, адамгершілікке, мәдениеттілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. «Менің мамандығым — менің саналы таңдауым» атты эссе жазу конкурсы
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің нұсқауына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қалалық және аудандық полиция басқармаларының (бөлімдерінің) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше/тобының қызметкерлерінің қатысуымен ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінің білім алушылары арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың, ерте жүктіліктің және кәмелетке толмағандарға қатысты өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сен 3, 2026 Жами Жами