Навигация по записям ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінде Бүгінгі біздің «Мемлекет тарапынан адамдарға тегін медициналық көмек керек пе?» атты пікірсайыс өтті. Дебатқа жеңіске жетсем екен емес, мол ақпарат пен тәрбие жинақтаймын деп келген адам ғана жан-жақты тұлға болып қалыптасады. 19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл – алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің нұсқауына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қалалық және аудандық полиция басқармаларының (бөлімдерінің) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше/тобының қызметкерлерінің қатысуымен ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінің білім алушылары арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың, ерте жүктіліктің және кәмелетке толмағандарға қатысты өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сен 3, 2026 Жами Жами