Навигация по записям Предыдущая запись ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінде «Қызым үйде – қылығы түзде» атты өткізілген жиында қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі, тәрбиесі туралы айтылды. Қазақ халқында қыз баланың орны ерекше. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Қыз баланың жүріс-тұрысынан бастап дауыс ырғағына дейін мән берудің өзі қыз бала тәрбиесінің маңыздылығы. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балаларының анасы. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің нұсқауына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қалалық және аудандық полиция басқармаларының (бөлімдерінің) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше/тобының қызметкерлерінің қатысуымен ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінің білім алушылары арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың, ерте жүктіліктің және кәмелетке толмағандарға қатысты өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сен 3, 2026 Жами Жами