Навигация по записям ТАЛАПКЕР — 2025ж «Жұмысшы мамандықтар жылын кеңінен насихаттау мақсатында колледж ұстаздары «Талапкер — 2025» жаңа оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдау туралы жұмыстары жүргізілді. Колледж ұстаздары аудан, қала мектептерінің 9 сынып, 11 сынып оқушыларымен кездесіп. колледждегі мамандықтар туралы үгіт-насихат жүмыстарын жүргізді.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің нұсқауына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің, жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қалалық және аудандық полиция басқармаларының (бөлімдерінің) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше/тобының қызметкерлерінің қатысуымен ЖШС «Жанықұл» медициналық колледжінің білім алушылары арасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллингтің, жыныстық сипаттағы қолсұғушылықтардың, ерте жүктіліктің және кәмелетке толмағандарға қатысты өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сен 3, 2026 Жами Жами